Guldala

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең аз партия қанша?

120 данадан бастап, яғни 30 данадан 4 бау. Бір тапсырыста түстер мен сорттарды араластыруға болады.

Қызғалдақтар тек 8 наурызға ма?

Жоқ. Алып кету күнін өзіңіз таңдайсыз: беру маусымының кез келген күні. Бос күндер тапсырысты рәсімдеу кезінде көрінеді.

Баға қашан бекітіледі?

Алдын ала төлем түскен күні. Тапсырыс неғұрлым ерте және алдын ала төлем неғұрлым көп болса, бір данасының бағасы соғұрлым төмен.

Алдын ала төлемсіз болады ма?

Брондауға болады, бірақ алдын ала төлемсіз бронь 3 күн сақталады, ал баға бекітілмейді.

Қалай төлеуге болады?

Қолма-қол немесе Kaspi шоты арқылы: шот Kaspi.kz қосымшасына нөміріңізге келеді. ЖК, ЖШС немесе жеке тұлғаға жібереміз.

Жеңілдіктер бар ма?

Жеке талқылаймыз, бізге WhatsApp-қа жазыңыз.

Басқа қалаларға жеткізесіздер ме?

Жеткізу жоқ, тек жылыжайдан өзі алып кету. Өз көлігіңізді жіберсеңіз, гүлдерді соған тиейміз.

Гүлдерді алып кеткенге дейін сіздерде қалдыруға бола ма?

Иә, тоңазытқышта сақтаймыз. Сақтау ақылы: тапсырыс күнінен алып кету күніне дейін тәулікпен, сомасы рәсімдеу кезінде көрінеді.

Қажетті түс жетпей қалса ше?

Тек сол түске ауыстырамыз және алдын ала ескертеміз.